Жаркент мешіті және Вознесенск шіркеуі ЮНЕСКО мұраларының алдын ала тізіміне енді

Жаркент мешіті және Вознесенск шіркеуі ЮНЕСКО бүкіләлемдік мұраларының алдын ала тізіміне енді. Бұл туралы мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин хабарлады. Жаркент мешіті – ХІХ ғасырдың соңындағы діни сәулет өнерінің бірегей ескерткіші. Ол ислам сәулет дәстүрі мен Шығыс Азия құрылыс өнерінің синтезін айқын көрсететін нысан ретінде ерекшеленеді. Ал инженерлік және көркемдік шешімдерімен танымал Вознесенск шіркеуі ХХ ғасырдың басындағы православ ағаш сәулетінің озық үлгісі саналады.
ЕРЛАН ҚАРИН, МЕМЛЕКЕТТІК КЕҢЕСШІ:
«Бұл нысандардың тізімге бірге ұсынылуы Қазақстанда мәдени әралуандықтың бар екенін аңғартады. Сондай-ақ Орталық Азия аймағында ислам және христиан дәстүрлерінің үйлесімді түрде қатар дамығанын, бір-біріне ықпал етудің тарихи тәжірибесі қалыптасқанын көрсетеді. Мешіт пен шіркеудің алдын ала тізімге енгізілуі – Қазақстанның мәдени мұраларын сақтау және оларды дәріптеу ісінің маңызды кезеңі. Бұл қадам ЮНЕСКО-ның рәсімдері мен талаптарына сәйкес номинация құжаттарын әзірлеуге негіз болады».
———————————————

#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал