Қызылордада ауа райы бұзылып, үйлер жарықсыз қалды

Еліміздің оңтүстігінде ауа райы күрт бұзылып, тұрғындарға қолайсыздық тудырды.
Қызылордада қар аралас жаңбыр жауып, артынша көктайғаққа айналды. Тіпті электр желілеріне мұз қатып, сымдар үзілді. Бірнеше бағана мен ағаш құлады. Салдарынан оннан астам шағын аудан жарықсыз қалып, көлік қозғалысы қиындады. Оқушылар онлайн форматқа көшті. Қазір 18 бригада мен 20 арнайы техника қалпына келтіру жұмыстарын жүргізіп жатыр. Бірнеше бағытта жол қозғалысына шектеу қойылды.
АРУЖАН МҰРАТОВА, «ҚАЗГИДРОМЕТ» РМК БАСПАСӨЗ ХАТШЫСЫ:
— Оңтүстік өңірлерде жауын-шашын күтіледі, кей жерлерде жауын-шашын мол болуы мүмкін. Сондай-ақ жел күшейіп, көктайғақ байқалады. Оңтүстік облыстарда ауа температурасы түнде 10-17 градусқа дейін төмендейді.
———————————————

#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал