Қазақстанның басым бөлігінде аяз -40 градусқа дейін жетеді

Алдағы күндері Қазақстанның басым бөлігінде күн күрт суытып, кей аймақта аяздың күші -40 градусқа дейін жетеді. Суық арктикалық антициклонның келуіне байланысты «Қазгидромет» мамандары Солтүстік, Шығыс және Орталық Қазақстан облыстарында ерекше сақтық қажет екенін ескертті. Астана қаласында қаһарлы аязға байланысты оқушылар қашықтан оқыту форматына ауыстырылды. Төтенше жағдайлар департаменті тұрғындарға алыс сапарға шықпауға және техникалық қауіпсіздікті сақтауға кеңес береді. Мамандардың болжамынша, мұндай тұрақсыз ауа райы мен көктайғақ алдағы аптаның басына дейін жалғасуы мүмкін.
———————————————

#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал