Жүргізуші: Оксана Петерс — https://www.instagram.com/oksana_peters_tv
ҮКІМ ӨЗГЕРІССІЗ ҚАЛДЫ
Талдықорғанда әйелін аяусыз сабап өлтірген ер адамға қатысты апелляциялық сот аяқталды. Жәбірленуші жазаны қатаңдатуды сұраса, сотталушы бапты жеңілдетуге тырысты. Сот шешімі қандай?
КУРЬЕРГЕ ТАЛАП КҮШЕЙЕДІ
Курьерге қойылатын талап өзгеруі мүмкін. Алматыдағы 10 мыңнан астам жол ережесін бұзу дерегінен соң, полиция курьер үшін биометриялық тексеріс пен сөмкеге сериялық нөмір енгізуді ұсынды.
КӨПІРДЕН КЕЛГЕН ҚАУІП
Петропавлда қала мен ауданды жалғайтын көпір құрылысы жергілікті тұрғындарды баспанасыз қалдыруы мүмкін. Нысаннан небәрі 15 метр жерде тұратын жұрт үрей құшағында отыр.
МҮМКІНДІК БЕРЕТІН ЖОБА
Ақылды көзілдірік пен білезік. Астанада мүмкіндігі шектеулі жандардың өмірін цифрлық технология арқылы жеңілдетуді көздейтін 11 инновациялық жоба таныстырылды.
#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.