Шымкентте 7 жасар қызға мұғалімнің жасаған бейәдеп әрекеті елді шошытты

Шымкентте «7 жасар оқушының денесіне қол жүгіртті» деп күдікке ілінген мұғалім ұсталды. Оған қатысты сексуалдық сипаттағы әрекет жасау бабымен қылмыстық іс қозғалды. Оқиға мектепте болған. Анасы: «Балам, сабақтан келген соң, денесі ауырсынып шағымданды», — дейді. 36 жастағы мұғалімнің істеген жағымсыз әрекетін баяндап берген. Алайда баланың анасы жағдайды анықтамақ болғанда, мектеп әкімшілігі бейнебақылау камерасының жазбасын көруге кедергі болыпты. Цифрлық сауаттылық пәнінен білім беретін мұғалім қазір жұмыстан шеттетілді. Бұл туралы, қалалық білім басқармасы мәлімдеді. Ал осы жағдай бойынша қалалық полиция департаменті «Сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттері» бабымен қылмыстық іс қозғады. Күдіктіні ұстап, тергеуді бастады. Дегенмен ашынған ана істі қылмыстық кодекстің 124-бабымен тергеуді талап етті.
ЖӘБІРЛЕНУШІНІҢ АНАСЫ:
— Видеоны көріп жаным түршігіп кетті. Бірнеше қыздың санын сипаған, «алдыма отыр» деген және ұл баланы да алдына отырғызбақшы болған. Үш күннен бері 7 жасар қызымды сараптамаға апарып жүрмін. Мен ақша үшін не басқа да нәрсе үшін істеп жатқан жоқпын, мен әділдік үшін жүгіріп жатырмын. Мен ана ретінде осындай азғындыққа ұшыраған баламды қорғап жатырмын. Іс 121-баптың 1-бөлімімен қозғалып отыр, 124-бапқа ауыстырылса деймін.

БАҒЛАН ИСАТАЕВА, ПД РЕСМИ ӨКІЛІ:
— Қазіргі таңда жедел-тергеу тобы оқиғаның барлық мән-жайын жан-жақты, толық және объективті анықтауға бағытталған кешенді іс-шара жүргізілуде. Бейнебақылау камерасының жазбалары зерделеніп, куәгер мен өзге де тұлғалардан жауап алынуда. Барлық уәж тексеріліп, жиналған материал мен дерек жан-жақты талданып жатыр. Тергеу департамент басшылығының ерекше бақылауында.
———————————————

#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал