Ақтөбе облысының мектеп оқушысы жүкті болып қалған

Ақтөбе облысының Темір ауданында мектеп оқушысы жүкті болып қалған. 10-сыныпта оқитын қыздың отбасы жағдайы жақсы. Сабақ үлгерімі жоғары болғанымен, қазіргі уақытта мектепке бармай жүргені анықталды. Полицияның мәліметінше, оқиға ізімен қылмыстық іс қозғалды. Күдікті анықталып, қамауға алынған. Қазір тергеу амалдары жүріп жатыр. Сондай-ақ, жәбірленушінің құқығы мен заңды мүдделерін қорғау қамтамасыз етіледі. Тергеу барысы облыстық полиция департаментінің ерекше бақылауында.
ӘЛІБИ ЛАТЫП, БАЛА ҚҰҚЫҒЫН ҚОРҒАУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ:
— Бала құқықтары жөніндегі басқармасы өңірлік бала құқығы жөніндегі уәкілмен бірге жағдайды бақылауда ұстап отыр. Басым бағыт – кәмелетке толмағанның құқықтары мен мүдделерін қорғау, оған психологиялық және әлеуметтік қолдау көрсетуді қамтамасыз ету.
———————————————

#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал