Бірқатар өңірде ауа райы -41 градусқа дейін суытады

Бүгін көп өңірде күн суық. Синоптиктер кейбір аймақта -41 градус аяз болатынын айтады. Осыған байланысты Астана, Семей, Өскемен қаласы мен Павлодар облысында оқушылар және колледждің 1-2-курс студенттері онлайн форматқа ауыстырылды. Айта кетейік, ауа райының қолайсыздығына байланысты кешелі-бері біраз автожол мүлде жабылып, көлік қозғалысына шектеу енгізілді.
АРУЖАН МҰРАТОВА, «ҚАЗГИДРОМЕТ» РМК БАСПАСӨЗ ХАТШЫСЫ:
— Кең ауқымды аязды антициклон Қазақстанның басым бөлігінде өз ықпалын сақтайды, температуралық фонда айтарлықтай өзгерістер күтілмейді. Ауа райы негізінен жауын-шашынсыз болады деп болжанады. Тек оңтүстік өңірлерде жауын-шашын күтіледі, кей жерлерде жауын-шашын мол болуы мүмкін, негізінен жаңбыр түрінде. Сондай-ақ жел күшейіп, көктайғақ құбылыстары байқалады.
———————————————

#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал