Алматыда автокөліктердің экологиялық талаптарға сәйкестігі тексеріліп жатыр. Соңғы бір күнде жылжымалы экологиялық зертханалар 42 көлікті тексерген. Бензинмен жүретін 12 машинаның талаптан асып кеткені анықталды. Иелеріне айыппұл салынды. Ал дизель отынымен жүретін көліктерден заңбұзушылық байқалмаған. Жалпы 12 және 19 ақпан аралығында стационарлық эко бекеттер 4012 көліктің түтінін өлшеген. Нәтижесінде, оның 602-сінде норманың асқаны анықталды. Яғни 593 жағдайда улы газ шамадан асқан болса, тоғызында түтін артық шыққан. Тексеру жалғасып жатыр.
———————————————
#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.