Ерлан Қарин Ақтөбе жұртшылығымен Конституция жобасы жөнінде кездесу өткізді

«Ата заңның жобасы – шын мәнінде халықтық құжат». Ақтөбе облысының жұртшылығымен кездескен Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин осылай деді. Оның айтуынша, Конституциялық комиссия о бастан ашық форматта жұмыс істеді. Әр отырыс тікелей эфирден көрсетілді. Қоғам тарапынан қойылған сұрақтарға, айтылған сын-пікірлерге әр отырыста не жауап, не түсініктеме беріліп отырды. Өнер орталығында өткен жиынға мыңға жуық адам қатысты. Қоғам қайраткерлері, еңбек ардагерлері, этномәдени бірлестіктер, үкіметтік емес ұйымдар да бар. Жиында жаңа Конституция жобасының негізгі ережелері талқыланды.
ЕРЛАН ҚАРИН, ҚР МЕМЛЕКЕТТІК КЕҢЕСШІСІ:
— Конституцияның әртүрлі жерінде, әртүрлі бөлімінде, әртүрлі бабында Тәуелсіздік, Егемендік туралы сөз болғанын байқаған боларсыздар? Тәуелсіздік, Егемендік сөздері әр жерде бас әріппен жазылған. Бұл – Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлының негізгі ұстанымы. Ол басқа мәтіндермен, құжаттармен жұмыс істегенде әрқашанда Тәуелсіздік, Егемендік сөздерін бас әріппен жазады. Неге? Себебі қасиетті ұғым ретінде қоғамдық санада қалыптасып, бекіту үшін. Қазіргі Ата заңмен салыстырсаңыздар, жаңа Ата заңда сол үшін Егемендік Тәуелсіздік ұғымдары жиі кездеседі. Бізде жаңа Ата заң мәтінімен жұмыс істеген кезде осы ұстанымды қолдандық. Сондықтан жана Конституциядағы көптеген норма авторларының бірі деп Қасым-Жомарт Кемелұлының өзі деп айтуға болады.
———————————————

#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал