Конституция – жай ғана құқықтық құжат емес, ел өмірінің сапасына тікелей әсер ететін негізгі тетік. Sarap клубында бас қосқан сарапшылардың айтуынша, басты мәселе реформалардың мәтінде қалай жазылғанында емес, олардың қарапайым халықтың тұрмысына қалай ықпал ететінінде. Егер өзгерістер нақты нәтиже берсе, әлеуметтік игіліктер қолжетімді болады, мемлекеттік органдардың ашықтығы күшейіп, билікке деген сенім де нығая түсуі тиіс. Мамандар конституциялық реформалардың тиімділігін тек заңдық тұрғыдан емес, нақты әлеуметтік көрсеткіштер арқылы бағалау қажет дейді. Әсіресе білім беру, денсаулық сақтау және әлеуметтік қызметтер сапасындағы өзгеріс – басты назарда. Сарапшылардың пікірінше, институционалдық, әлеуметтік және қоғамдық көңіл-күй көрсеткіштері қатар талданғанда ғана реформалардың шынайы нәтижесін көруге болады.
АЛМАШ АЙҚЫНБАЙҚЫЗЫ, ӘЛЕУМЕТТАНУШЫ:
— Бүгінгі талқылауда қоғамдағы экономикалық қауіпсіздік, азаматтарды әлеуметтік қамсыздандыру мәселесі, сонымен қатар азаматтардың өзіне жауапкершілік арту арқылы ашық бюджетті талқылау және оған ықпал ете алу мүмкіндігін қарастыру жоспарланып отыр.
———————————————
#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.