Шымкентте 7 жасар қызға мұғалімнің жасаған бейәдеп әрекеті елді шошытты | 27.02.2026

Жүргізуші: Оксана Петерс — https://www.instagram.com/oksana_peters_tv

ЩУЧИНСК ТРАГЕДИЯСЫ
Ақмола облысы Щучинск қаласындағы дәмханада болған жарылыс елді дүр сілкіндірді. Артынша өрт болып, палау орталығы түгел жанып кетті. Жеті адам қаза тауып, 28 кісі зардап шекті. Қайғылы оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалды. Мәселенің мән-жайы анықталып жатыр.

МҰҒАЛІМ ҰСТАЛДЫ
Шымкентте мектеп мұғаліміне ауыр айып тағылды. 36 жастағы ер адамның 1-сынып оқушысына жасаған бейәдеп әрекеті елді шошытты. Тергеу не дейді? Камера жазбасы қайда? Балалардың қауіпсіздігіне кім кепіл?

КОММУНАЛДЫҚ ДАҒДАРЫС
Қар аз, бірақ мәселе көп. Қонаевта қар сирек жауса да, жергілікті билік тазалап үлгермей жатыр. Күндіз шылқыған су, таңертең жылтыраған мұз. Қала тұрғындары коммуналдық қызметке наразылығын білдірді.

АЯЗ КҮШЕЙДІ
Күн ызғары әлі басылмайды. Синоптиктер кейбір аймақта -41 градус аяз болатынын айтады. Ауа райының қолайсыздығына байланысты кешелі-бері біраз автожол мүлде жабылып, көлік қозғалысына шектеу енгізілді.

МЫҢ АЛҒЫС
Бес рет операциядан аман қалған зейнеткер. Санавиациямен ауруханаға жеткізілген науқас. Шымкент тұрғындары еміне дауа тапқан дәрігерлерге алғыс айтып, ақжарма тілегін ақтарды.

#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал