Жаңа Конституция жобасында адам құқықтары мен бостандығына баса мән берілген

Жаңа Конституция жобасында адам құқықтары мен бостандығына баса мән берілген. Бұл бағыттағы өзгерістер мемлекеттің қоғам алдындағы жауапкершілігін артырып, халық пен билік арасындағы байланысты нығайтады. Заңгерлердің пікірінше, бастама елдің құқықтық жүйесін жаңғыртып, мемлекет дамуының жаңа кезеңіне жол ашады.
ЖАМАЛАДЕН ИБРАГИМОВ, ЗАҢ ҒЫЛЫМДАРЫНЫҢ ДОКТОРЫ:
– Бұл Конституцияда мемлекеттің негізгі құндылығы, капиталы – адам және оның өмірі, бостандығы, құқықтары мен еркіндігі деп белгіленген. Екінші бағыт, расында да, мемлекеттің азаматқа қызмет етуі. Мұны Мемлект басшысы айтты. Референдумнан кейін Жаңа Конституция қабылданатын, бұл оның нормалары адамға қызмет етеді деген сөз, яғни әрбір Конституция нормаларының артында мемлекеттік жауапкершілік тұрады.
———————————————

#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал