Түркістан облысында екі баланы қағып кеткен әйел қамауға алынды

Бұл – Түркістан облысында болған оқиға. Екі баланы қағып кеткен әйел ұсталып, қамауға алынды. Оның үстінен қылмыстық іс қозғалды. Жергілікті тұрғын әуелі бір баланы қағып кеткен. Осыдан кейін оқиға орнынан қашуға тырысады. Алайда көп ұзамай басқа көшеде тағы бір оқушыны басып кетеді. Зардап шеккен баланың біреуі аман, үйіне жіберілді, екіншісі ауруханада жатыр.
———————————————

#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал