Таяу Шығыстағы ахуал Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың жіті бақылауында. Жуырда Мемлекет басшысы Қауіпсіздік кеңесінің хатшысына Иран төңірегіндегі жағдайға және еліміздегі тұрақтылыққа төнуі мүмкін қауіп белгілеріне байланысты шұғыл шаралар жоспарын ұсынуды тапсырды. Еліміздегі барлық күштік құрылымы тәулік бойы жұмыс істеу режиміне көшірілді, ал Үкіметте арнайы мониторингтік топ өз жұмысын бастады. Сонымен қатар Қазақстан Президенті Біріккен Араб Әмірліктері, Сауд Арабиясы, Қатар, Бахрейн және Кувейт мемлекеттерінің басшыларына осынау қиын-қыстау кезеңде шынайы қолдауы мен тілектестігін білдірді.
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ:
— Қазақстан халықаралық күрделі проблемалар мен қарулы қақтығыстардың бәрін тек дипломатиялық жолмен шешуді ұдайы жақтайды.
———————————————
#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.