Freedom Travel Таяу Шығыста қалып қойған қазақстандықтарға қаржылай қолдау көрсетеді

Таяу Шығыстағы жағдайға байланысты Freedom Travel осы аймақта қалып қойған қазақстандықтарға қаржылай қолдау көрсететінін хабарлады. Яғни осы сервис арқылы билет не туристік пакет алып, елге қайта алмай жатқан жолаушыларға өтемақы төленеді. Ересектерге тәулігіне – 35 мың теңге, ал балаларға тәулігіне 15 мың теңге беріледі. Бұдан бөлек, жолаушыларға тегін интернет қызметі де ұсынылады. Жолаушы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында, Freedom Travel әуе тасымалдаушылары және тиісті мекемелермен тұрақты байланыс орнатқанын мәлімдеді.
———————————————

#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал