Елде зорлық-зомбылықтан зардап шеккен балаларға арналған көмек кабинеттері ашылады. Бұл кабинеттерде кәмелетке толмағандарға «бір терезе» қағидаты бойынша кешенді қолдау көрсетіледі. Яғни қолайлы психологиялық көмектен бастап, сот-медициналық сараптамадан өтуге және бейінді мамандардың қатысуымен сауалнама жүргізуге дейінгі – барлық қажетті қызмет бір жерде көрсетіледі. Жақын арада кабинеттердің қызмет қағидалары бекітіліп, содан кейін өңірлерде оларды кезең-кезеңімен ашу жоспарлануда.
АЛЬБИНА САЛМҰҚАНОВА, ОҚУ АҒАРТУ МИНИСТРЛІГІНІҢ БАС САРАПШЫСЫ:
— Біздің дайындаған қағидаларға сәйкес, кәмелетке толмаған баланың өзі де немесе заңды өкілі де жүгіне алады немесе ішкі істер органдарына белгілі болған жағдайда, осы ұйымдар сол кабинетке хабар беріп, кәмелетке толмаған балаларды жеткізе алады. Бұл кабинет жаңағы тегін түрде қызмет етеді және тәулік бойы жұмыс істейді.
———————————————
#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.