Ақмола облысында қыс басталғалы бері ондаған көлік өртеніп кетті

Ақмола облысында қыс басталғалы бері ондаған көлік өртеніп кетті. «Жүргізушілер суықтан қатып қалған техникаларын от алдыру кезінде қауіпсіздік ережелерін сақтамайды», — дейді мамандар. Әсіресе аязды күндері көлігі кідіріп, жолда қалып қойғандар көп. Тәртіп сақшыларының айтуынша, әсіресе көгілдір отынмен жүретін көліктер жиі отқа оранады. Сондықтан жүргізушілерге аса мұқият болуды ескертеді.
ЕРСАЙЫН ҚОЙШЫБАЕВ, ТЖД РЕСМИ ӨКІЛІ:
— 2025 жылы көліктердің 130 өртенуі тіркелді. Биылдың өзінде осындай 34 оқиға болды. Негізгі себептері, техникаларды жабдықтау және пайдалану кезіндегі қателіктер. Яғни ток жолдарындағы тұйықталу. Өрт көп ретте ескірген, 1990 жылдары шығарылған көліктерде жиі орын алады.

Заг: Референдумға дайындық: Астана қаласы бойынша 517 учаске жұмыс істейді
Жаңа Конституция жобасын қабылдау бойынша наурыздың 15-і күні өтетін республикалық референдумға дайындық жалғасып жатыр. Айталық, Астана қаласы бойынша 517 учаске жұмыс істейді. Ал тіркеуде болмай қалған азаматтар үшін 6 ауданда шағын қызмет көрсету орталығы ашылған. Жалпы елордада бір миллион он мың қырық тоғыз дауыс беруші тіркелген. Ал шетелде 82 учаске бар. Бұл – 62 мемлекеттегі орын. Қазіргі халықаралық жағдайдың тұрақсыздығына байланысты оның екеуі жұмыс істемейді. Референдум комиссиясында жұмыс істейтін мамандар арнайы іріктеуден өтіп, курс оқиды.
———————————————

#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал