Астана маңындағы ауылда ер адам төрт туысын өлтіріп, денелерін бөлшектеп тастаған | 02.03.2026

Жүргізуші: Оксана Петерс — https://www.instagram.com/oksana_peters_tv

ТАЯУ ШЫҒЫСТАҒЫ ТҰРАҚСЫЗДЫҚ
Таяу Шығыстағы тұрақсыздық Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың жіті бақылауында. Ал «Freedom Travel» аймақтағы қазақстандықтарға қаржылай қолдау көрсетпек. Осы сервис арқылы билет не туристік пакет алып, елге қайта алмай жатқан жолаушыларға тәулігіне – 35 мың теңге, ал балаларға 15 мың теңге бөлінеді.

ЖЫЛУ ЖОҚ
Теміртауда 30-ға жуық жеке үй бірнеше күннен бері жылусыз отыр. Жергілікті биліктің мәлімдеуінше, коммуналдық апатқа жергілікті тұрғын кінәлі. Ол жылу желісінен шыққан ақауды өзі жөндемек болған. Тиісті мекемеге уақытылы хабар берілмегендіктен, құбыр қатып қалған.

АЯЗДЫҢ ӘЛЕГІ
Ақмола облысында қыс басталғалы бері ондаған көлік өртеніп кетті. «Жүргізушілер суықтан қатып қалған техникаларын от алдыру кезінде қауіпсіздік ережелерін сақтамайды», — дейді мамандар. Әсіресе аязды күндері көлігі кідіріп, жолда қалып қойғандар көп.

БАЛАҒА КӨМЕК
Бүгіннен бастап барлық өңірде зорлық-зомбылықтан зардап шеккен балаларға қолдау көрсететін кабинет ашу туралы ереже күшіне енді. Мамандандырылған орын «бір терезе» қағидаты бойынша жұмыс істейді. Оқу-ағарту министрлігі бұл кабинеттердің жұмыс істеу механизмін әзірлейді.

АУЫЛҒА МЕКТЕП САЛЫП БЕРДІ
Туған жерге туыңды тік. Солтүстік Қазақстан облысындағы Еңбек ауылына жергілікті шаруа өз қаражатына мектеп салып берді. Бұған дейін оқушылар көрші елді мекендерге қатынап, білім алып келген. Енді ақ көңіл азаматқа ауылдағы ағайын алғыс айтып жатыр.

#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал