Астана маңындағы Жібек Жолы ауылында өз отбасын қатыгездікпен өлтірген адамға қатысты тың ақпарат тарады. Күдікті 1983 жылы туған. Бейресми деректер бойынша, бала кезінен ақыл-ой кемістігі бар. Десе де бұл ақпарат ресми органдар тарапынан расталған жоқ. Естеріңізге сала кетейін, жантүршігерлік жағдай кеше болды. 43 жастағы ер адам зейнет жасындағы ата-анасын, анасының мүгедек бауырын және 18 жастағы жиенін өлтіріп, кейін денелерін бөлшектеп тастаған. Қаскөй қазір қамауда. Тергеу амалдары жүріп жатыр.
———————————————
#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.