Щучинскідегі «Палау орталығында» болған өртке байланысты дәмхана иесі қамауға алынды. Оның үстінен қылмыстық іс қозғалды. Тергеу барысы Бас прокуратураның тікелей бақылауында. Аудандық ауруханада жатқан тағы екі зардап шегушінің қайтыс болғаны туралы қайғылы хабар тарады. Жарылыстан бұған дейін жеті адам қаза тапқан еді. Жарақат алған тағы бірнеше науқас әлі емделіп жатыр. Олар Астана, Көкшетау және Щучинск ауруханаларында.
ИНДИРА САРЫБАЕВА, ДСБ ШТАТТАН ТЫС БАС АНЕСТЕЗИОЛОГ-РЕАНИМОТОЛОГЫ:
— Зертханалық негіздерге сүйенсек, зардап шеккендердің беттері сәл бері қарай бастады. Деинтоксациялық терапия көрсеткіштері олардың күйік шалған ағзалары біртіндеп жақсарып, тұрақтанғандығын көрсетіп отыр.
———————————————
#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.