Ақмола облысында қаңғыбас иттер 17 бас қойды талап кеткен

Ақмола облысында қорадағы қойды қаңғырып жүрген ауыл иттері қырып кетті.
Оқиға Шортанды ауданындағы Бектау ауылында болған. Жекенің меншігіндегі 17 бас қой таланды. «Мұндай жағдай бесінші рет қайталанып отыр», — дейді ауыл тұрғындары. Енді малмен жан бағып отырған ауыл жұрты алаңдай бастады. Өйткені ауыл, аудан әкімдігі, бұл жағдайдан хабардар болса да, нақты шара қабылдамай отырғанын айтады. Жергілікті атқарушы билік: «Бірде қаржы тапшы десе, енді бірде конкурс өткен жоқ»,- деп ақталған.
БОЛАТ ТОКИШЕВ, ШОРТАНДЫ АУДАНЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:
— Екі апта бұрын бізге иттерді аулау бойынша конкурс өткізуге арналған функциялар мен қаржы қаражаты берілді. Қазіргі уақытта орындаушыны анықтау рәсімдері жүргізілуде. Оқиға фактісі бойынша тексеру басталды, осы иттердің иелері анықталып жатыр. Соның нәтижесінде тиісті шешім қабылданады.
———————————————

#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал