Иран АҚШ-тың 15 елдегі әскери базасына соққы жасады

Таяу Шығыстағы ахуал күрделеніп барады. Соңғы деректерге сәйкес, Иранның АҚШ-қа қарсы жасаған соққылары бірнеше елдегі америкалық әскери базаларға бағытталған. Кейбір ақпарат көздері соққы жасалған немесе әуе дабылы жарияланған елдер қатарында Израиль, Біріккен Араб Әмірліктері, Сауд Арабиясы, Катар, Кувейт, Иордания және Ирак бар екенін жазады. Сондай-ақ Бахрейн, Оман, Сирия, Кипр, Франция, Италия және Ұлыбритания да аталады. TBS News агенттігінің хабарлауынша, үш күнде Иранда 200-ге жуық адам қаза тапты және 700-ден астам адам жараланды. Израильде 9 адам, Біріккен Араб Әмірліктерінде 3 адам, Иракта 2 адам және Кувейтте 1 адам қаза тапқаны туралы бастапқы мәліметтер бар. Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі Ирандағы қайғылы оқиғалар салдарынан бейбіт тұрғындардың, сондай-ақ Ислам Республикасының жоғары басшылығы өкілдерінің қаза болуына байланысты Иран халқына көңіл айтты.
———————————————

#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал