Дубайдан 300-ден астам жолаушы елге аман-есен жеткізілді

Таяу шығыстағы қазақстандық туристердің алды үйге орала бастады.
Бүгін сағат таңғы сегіз жарымда Дубайдан бортында 151 жолаушысы бар алғашқы ұшақ Астана әуежайына ұшып келді. Эвакуациялық рейсті FlyDubai әуе компаниясы орындаған. Тағы 170 жолаушы дубайлық ұшақпен Алматыға келді. Бұдан бөлек, Air Astana компаниялар тобы Сауд Арабиясы мен Мысырдың авиациялық билігінен рұқсат алған жағдайда бүгін Батыс Қазақстаннан Медина бағытына екі, Джиддаға екі репатриациялық рейс орындауды жоспарлап отыр. Әуекомпания Таяу Шығыс елдеріне тұрақты әуе қатынасын 6 наурызды қоса алғанға дейін уақытша тоқтататынын мәлімдеді. Ал бұл бағыттарға билет 13 наурызға дейін сатылмайды.
———————————————

#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал