Президент Ішкі істер министрі Ержан Сәденовті қабылдады

Президент Ішкі істер министрі Ержан Сәденовті қабылдады. Мемлекет басшысына министр Қазақстандағы криминогендік жағдай туралы баяндады. Ержан Сәденовтің айтуынша, елімізде жасалатын қылмыс санының төмендеу динамикасы сақталып отыр. Кісі өлтіру 20%, ұрлық 28%, қарақшылық 32% азайған. Дегенмен бүгінде 8 миллион 500 мың заңға қайшы әрекет анықталған. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 1 миллионға көп. Жасалған құқықбұзушылықтар үшін 90 млрд теңге көлемінде әкімшілік айыппұл салынып, 71 млрд теңге өндіріп алынған. Кездесу барысында Мемлекет басшысы елдегі қоғамдық қауіпсіздік пен құқықтық тәртіпті одан әрі нығайтуға бағытталған бірқатар нақты тапсырма берді.
———————————————

#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал