Шығыс Қазақстан облысында ауылда жұмыс істейтін дәрігерлер мен мұғалімдерді интернет арқылы іздеуге кірісті. Дәл осылай Самар ауданына эндокринолог тапқан. Дәрігер аудан орталығына Павлодардан келген. Жалғас Әбдісейіт өңір әкімінің әлеуметтік желіде кадр тапшылығы мәселесі туралы жазған жазбасына жауап беріпті. Бүгінде дәл осылай Самарға 20 жас маман тартылған. Барлығы қызметтік баспанамен, жоғары жалақымен қамтамасыз етілген. Айта кетейік, өңірде әлі күнге дейін 130-дан астам медицина қызметкері және жүзге жуық мұғалім жетіспейді.
ЖАЛҒАС ӘБДІСЕЙІТ, ДӘРІГЕР-ЭНДОКРИНОЛОГ:
— Бұл ауданға эндокринолог өте қажет болды. Себебі тек қант диабетімен 427 адам есепте тұр. Олар үнемі қалаға барып, эндокринологтың кеңесін алуға мәжбүр болатын. Бұл, біріншіден, қиындық туғызды. Екіншіден, шалғай ауылдарда тұратын науқастар бар, оларға қалаға жету одан да қиын.
СЕРІК ЖЕҢІСОВ, САМАР АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ:
— Биыл алғаш рет 20 мұғалім келді, 4 дәрігер жұмысқа орналасты. Оларды 6-7 жыл бойы таба алмай келгенбіз, бірақ биыл шешімін таптық. Барлығына тұрғын үй берілді. Баспана тұрғын үй қорынан ұсынылды. 90-жылдары қаңырап бос қалған үйлерді толық қалпына келтіріп, жөндеу жұмыстарын жүргіздік, жылыту жүйесін орнатып, 8 пәтерлі үйді іске қостық.
———————————————
#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.