Отбасы мүшелерін өлтірген ер адам психдиспансерде есепте тұруы мүмкін | 03.03.2026

Жүргізуші: Оксана Петерс — https://www.instagram.com/oksana_peters_tv

ҚАНДЫ ҚЫЛМЫС
Қанды қылмыс ізімен. Ақмола облысы Аршалы ауданында болған қайғылы оқиғаның жай-жапсары жариялана бастады. Әке-шешесін, туысқан ағасы мен жиенін өлтірді деп күдікке ілінген жігіт бұрын психикалық диспансерде есепте тұрған болып шықты.

ҚАҢҒЫБАС ИТ ҚОЙДЫ ЖАРДЫ
Дәл осы Ақмола облысында қорадағы қойды қаңғырып жүрген ауыл иттері талап кеткен. Оқиға Шортанды ауданындағы Бектау ауылында болған. Жекенің меншігіндегі он жеті бас қойды қарғы баулы жарып кеткен. Тұрғындар жергілікті биліктен көмек сұрайды.

ЭВАКУАЦИЯ БАСТАЛДЫ
Таяу Шығыстағы қазақстандық туристердің алды үйге орала бастады. Дубайдан Астана мен Алматыға рейс жасалып, 300-ден астам жолаушы елге аман-есен жеткізілді. Сыртқы істер министрлігі отандастарымызды эвакуациялаудың нақты жоспары барын мәлімдеді.

ЖОЛДАҒЫ ТҮЙТКІЛ
2029 жылға дейін елімізде 10 мың шақырым автожолға орташа жөндеу жүргізіледі. Қазірдің өзінде оның жартысында жұмыстар аяқталды. Сонымен қатар осы жылы алты жаңа ақылы жол учаскесі іске қосылады. Үкіметте жолдағы түйткіл талқыланды.

ҮЙДІҢ ГҮЛІ
Ақтөбе тұрғыны үйде қызғалдақ өсіріп отыр. Әйел адам күйеуін аулада жылыжай салуға көндірген. Сөйтіп, көктемнің нышаны көгере бастады. Енді бүр жарған гүлді сатуға дайындап жатыр.

#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал