946 қазақстандық Таяу Шығыс елдерінен елге оралды

946 қазақстандық Таяу Шығыс елдерінен елге оралды. Ақтау, Атырау және Алматы әуежайларына Қазақстан азаматтары Мәдина мен Жидда қалаларынан ұшып келді. Сондай-ақ Маскаттан Алматыға ұшатын рейс күтілуде. Бұл туралы Азаматтық авиация комитеті хабарлады. Азаматтарды елге қайтару жұмыстары жалғасып жатыр. Бұған дейін FlyDubai әуекомпаниясы Дубайдан Астана мен Алматыға екі эвакуациялық рейс орындады. Нәтижесінде, 306 жолаушы Қазақстанға оралды.
Еске салайық, 28 ақпанда АҚШ пен Израиль Иранға қарсы ауқымды әскери операция бастаған болатын. Таяу Шығыстағы тұрақсыз жағдайда сол жақта қалған қазақстандықтар біртіндеп елге қайта бастады.
———————————————

#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал