Жақсыбек Жиеналиев: Жаңа Конституцияда мәдениет саласына ерекше мән берілген

Жаңа Конституцияда ел дамуының жаңа бағыты ретінде білім мен интеллектіге айқын басымдық берілді. Бұл өзгеріс мемлекеттің дамуындағы маңызды бетбұрыс кезеңін білдіреді. Ендігі кезеңде Қазақстанның болашағы тек минералды ресурстармен ғана емес, ең алдымен, адам капиталымен айқындалатыны аталып өтті. Бұл Қазақстанның заманауи талаптарға сай дамуына және жаңа мүмкіндіктерді тиімді пайдалануға жол ашады, — дейді сарапшы.
ЖАҚСЫБЕК ЖИЕНАЛИЕВ, ҚАЗАҚСТАН ҚОҒАМДЫҚ ДАМУ ИНСТИТУТЫНЫҢ САРАПШЫСЫ:
– Әсіресе мәдениет саласына ерекше мән берілген. Конституцияның 40-бабында Қазақстанның әрбір азаматы ұлттық құндылықтарды, дәстүрді, тарихты сақтауға міндетті екені нақты көрсетілген. Бұл әсіресе цифрлық революция мен жаһандану дәуірінде ұлттық мәдениетімізді жоғалтпай, оны одан әрі насихаттауға үлкен мүмкіндік береді.
———————————————

#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал