Шымкентте бір подъездегі 3 пәтердің тұрғындары газдан уланып, 4 адамның денесі жер қойнына тапсырылды. Оқиға көпқабатты үйдің бірінде болған. Бір пәтерде 32 жастағы келіншек пен 16 жастағы қайын сіңлісі жан тапсырса, дәл сол қабаттағы тағы бір пәтерден 24 жастағы жігіттің денесі табылды. Ал үшінші қабатта көз жұмған қыз бала пәтер жалдап тұрыпты. Үй иесі 20 жастағы бойжеткеннің денесін жуынатын бөлмеден тапқан. Мұндағы тұрғындар газдың иісі жайылғанын айтып, бірнеше күннен бері шағымданған. Дегенмен газ инспекциясының мамандары үнсіз отыр. Ал полиция «Абайсызда адам өлiмiне әкеп соққан қауiпсiздiк талапқа сай келмейтін жұмысты орындау немесе қызмет көрсету» бабымен қылмыстық іс қозғады.
ИСЛАМ ФАЙЗУЛЛАЕВ, КӨРШІСІ:
— Бірінші болып пәтер жалдап тұрған қызды тапқан екен. Кеше үй иесі келді. Есікті ашып кірсе, ванна құлыптаулы болған, ашса, қыз шомылып жатқан жерінде қайтыс болған екен. Бұл сол күні шыққан газ емес.
———————————————
#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.