Алматыда әлеуметтік желілерде тараған бейнежазбаға байланысты балаға қатыгездік көрсетті деген күдікпен түзету орталығының қызметкері ұсталды. Кадрда оның алты жастағы баланың қолын қатты қайырып, мойнынан ұстап, күштеп отырғызғаны анық көрінеді. Орталықта ерекше күтімді қажет ететін балалармен жұмыс жүргізілетіні белгілі. Баланың анасы полицияға арызданғаннан кейін құқық қорғау органдары қызметкердің заңға қайшы әрекеттері бойынша қылмыстық іс қозғап, сотқа дейінгі тергеуді бастады. Орталықтағы өзге де тәрбиеленушілердің зардап шеккен-шекпегені де тексеріледі.
САЛТАНАТ ӘЗІРБЕК, ПД РЕСМИ ӨКІЛІ:
— Жедел тергеу іс-шаралары барысында күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайын жан-жақты және объективті анықтауға бағытталған тергеу әрекеттері жүргізілуде. Бейнебақылау камераларының жазбалары зерделеніп, куәгер мен іске қатысы бар өзге де тұлғалардан жауап алынуда.
———————————————
#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.