Президентке сегіз мемлекеттің төтенше және өкілетті елшісі сенім грамоталарын тапсырды. Оның ішінде Норвегия Корольдігі, Аргентина Республикасы, Гана, Мали, Гамбия, Бангладеш, Босния, Шри-Ланка Демократиялық Социалистік Республикасы мен Герцеговина елшісі бар. Мемлекет басшысы Қазақстанның бейбіт сыртқы саясат жүргізетінін атап өтті. Президенттің айтуынша, әлемдегі барлық кикілжің мен қақтығыс дипломатиялық құрал арқылы тек бейбіт жолмен шешілуге тиіс. Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Шығанақ елдеріне әрдайым тілектес екенін және шиеленістің тезірек шешілуіне үміт артатынын жеткізді. Кездесу соңында Президент шет мемлекеттер елшілерінің жауапты қызметіне табыс тіледі.
———————————————
#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.