Ақмола облыстық экология департаменті Айдабол ауылы маңындағы су қоймасында балықтардың қырылуына қатысты жүргізілген тексерісті аяқтады. Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін ондаған келі балық өлікселері қатпаған суға қалқып шыққан болатын. Ал су астында тағы да қанша балық қырылғанын анықтау мүмкін болған жоқ. Қолқаны қапқан иіске тұншыққандар бұған осы маңда орналасқан спирт зауытын кінәлаған еді. Тұрғындардың болжамы дұрысқа шықты. Кәсіпорын су қоймасына тікелей баратын құбырды жабуды ұмыт қалдырған. Салдарынан қалдық су айдынға тікелей құйылған. Зауыт әкімшілігі өздеріне салынған 21 миллион теңге айыппұлды өтеп қана қоймай, жіберілген кемшіліктерді қалпына келтіруге міндеттелді.
ГҮЛНАЗ ТҰЙҒЫНОВА, ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ИНСПЕКТОР:
— Өндірістік нысаннан Айдабол өзеніне бағытталған құбырдың бары анықталды. Сол жердегі қалдық судың құрамын тексеру үшін сынама алдық. Зиянды қалдық бар екенін лабораториялық зерттеудің нәтижесі көрсетті. Зауытқа айыппұл салынды.
———————————————
#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.