Қазгидромет су басу қаупі жоғары өңірлерді атады. Мамандардың мәліметінше, СҚО, Ақмола, Қарағанды, Абай және ШҚО су басу қаупі жоғары аймақ тізіміне еніп отыр. Ал БҚО, Ақтөбе, Қостанай, Ұлытау, Павлодар, Түркістан, Жетісу және Алматы облысы қауіптілігі орташа өңірлер қатарына енгізілген. Тасқын қаупі төмен өңірлерге Атырау, Маңғыстау, Қызылорда және Жамбыл облысы жатқызылған. Бұл – «Қазгидромет» мамандарының түрлі факторға сүйеніп, көктемгі су тасқыны жағдайына жасаған негізгі болжамы.
———————————————
#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.