Батыс Қазақстан облысында өзендерде мұз жару жұмыстары басталды.
Ауа райын болжаушылар наурыз айының келесі он күндігінен бастап өңірде күн жылынады деп болжам жасауда. Биылғы қыстағы жауын-шашынның мөлшері нормадан артық түскен. Тоң қабаты да қалыңдап, кей жерлерде бір метрге жақындаған. Орал қаласы мен Бәйтерек, Тасқала аудандарында еріген судан келетін қауіп бар. Келісімшарт бойынша мердігер осы жұмысқа кірісті. Оған қазынадан 184 миллион теңге бөлінген. Барлығы 47 мың шаршы метр аумақтың мұзын жару көзделген. Негізгі жұмыстар Деркөл, Шаған және Шыңғырлау өзендерінде жүргізілмек. Белгіленген жоспар бойынша мұз жару шаралары 10 күнге жалғасады. Қауіптің беті толық сейілгенше осы жұмысқа жұмылдырылған бес бригада облыс аумағында өз міндеттерін атқарады.
ӘЛІБЕК ТАШИМОВ, АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАНЫС БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСТЫҒЫ:
— Барлығы 83 учаске анықталды. Сол аталған учаскелерде мұз жару жұмыстарын жүргіземіз. Бұл су тасқынының қауіпсіз өтуіне және мұз кептелісін болдырмау мақсатында жүргізіледі. Орал қаласының аумағында, Шаған өзенінде және Жәнібек ауданында жұмыстар жүргізіліп жатыр.
———————————————
#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.