Елімізде 15 наурызда өтетін республикалық референдумға дайындық қыза түсті. Саяси науқанға «Дауыс» қоғамдық байқаушылар коалициясы да белсенді кіріскен. Ұйым қатарында бүгінде 18 мыңға жуық байқаушы бар. Ал еліміз бойынша 9 700-ден астам ашық сайлау учаскесі жұмыс істейді. Әрбір учаскеге екі байқаушыдан бекіту жоспарланған. Олар дауыс беру күні таңғы сағат алтыдан бастап учаскелерге барып, өз міндеттеріне кіріседі. Қазір өңірлерде аудандық штабтар құрылып, байқаушылар арнайы оқыту курстарынан өтіп жатыр. Коалиция төрағасы Төлеген Күнәділовтің айтуынша, басты мақсат – сайлау науқанының ашықтығы мен заңдылығын қадағалап, оның әділ өтуіне қоғамдық бақылау жасау.
———————————————
#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.