Жанар Төлендинова: Халық кеңесі азаматтық қоғамның шынайы айнасы болады

Қазіргі кезеңде елдің саяси жүйесін жаңғырту мен мемлекеттік басқару тиімділігін арттыру мәселесі айрықша маңызға ие. Конституциялық реформалар қоғам сұранысына жауап беріп, билік пен азаматтық қоғам арасындағы өзара байланысты жаңа деңгейге көтеруді көздейді. Осы тұрғыда ұсынылып отырған өзгерістердің мәні мен маңызы ерекше. Осы орайда сарапшы пікіріне құлақ түрейік.
ЖАНАР ТӨЛЕНДИНОВА, САЯСАТТАНУШЫ, ҚСЗИ МЕДИАЖОБАЛАР БӨЛІМІНІҢ ЖЕТЕКШІСІ:
— Бірпалаталы парламент заңдардың қабылдану тиімділігін және жылдамдығын арттыруға мүмкіндік беретініне сенімдімін. Ал Халық кеңесі азаматтық қоғамның шынайы айнасы бола алады. Бұл – азаматтық қоғамға мемлекеттік басқару саласына ықпал етуге арналған қосымша құрал. Сонымен қатар жаңа Конституция мемлекет пен қоғам арасындағы жаңа әлеуметтік келісімді бекітеді. Қазақстанның адам құқықтарын қорғау және бостандықтарды қамтамасыз ету саласында халықаралық стандарттарға сай болуға ұмтылысы да айқын көрініс табады.
———————————————

#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал