Жүргізуші: Оксана Петерс — https://www.instagram.com/oksana_peters_tv
ҮНСІЗ КЕЛГЕН АЖАЛ
Шымкенттегі сұмдық. Бір подъезде 4 адам газдан уланып қайтыс болды. Пәтерлер мөрленіп, тергеу басталды. Бұл – жыл басталғалы бүтін бір отбасын жалмаған екінші қайғылы оқиға.
ҚОРҒАНСЫЗДЫҢ КҮНІ
Баланың қолын қайырған маман сот алдында жауап береді. Алматыдағы түзету орталығында шыңғырған баланың дауысы мен түсірілген кадр елдің жағасын ұстатты.
ЕСІЛДЕГІ ҚАУІП
Есіл өзеніндегі мұз былтырғыдан әлдеқайда қалың. Күн күрт жылынса, сең жүріп, мұз кептелуі мүмкін. «Солтүстік Қазақстан облысында 112 ауылға тасқын қаупі төніп тұр», — дейді төтенше жағдай мамандары.
БАҒА САЯСАТЫ
Азық-түлік бағасының өсуін тек қосымша құн салығымен байланыстыру дұрыс емес. Осылай деген Премьер-министрдің орынбасары Серік Жұманғарин Үкімет халықтың табысын арттырудың тың жолдарын қарастырып жатқанын айтты.
БІТІМГЕР ӘЙЕЛДЕР
Әскер тек ердің ісі ме? Алматылық әйел-бітімгерлер бұл стереотипті тас-талқан етті. Сириядағы азаматтық соғыс пен Бейруттегі қанды жарылысты көзбен көрген қаһарман-арулармен эксклюзив сұхбат.
#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.