Мәулен Әшімбаев БҰҰ-ның Қазақстандағы Тұрақты үйлестірушісі Саранго Раднарагчамен кездесті

Сенат Төрағасы Мәулен Әшімбаев БҰҰ-ның Қазақстандағы Тұрақты үйлестірушісі Саранго Раднарагчамен кездесті. Кездесуде тараптар Таяу Шығыстағы ахуалды, халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселені, сондай-ақ Қазақстанның дипломатиялық жолмен бейбіт шешімге ұмтылатынын талқылады. Сонымен қатар Сенат Төрағасы еліміздегі Конституциялық реформаның негізгі бағыттары мен жаңа Конституцияның жобасы туралы хабардар етті және Қазақстан мен БҰҰ арасындағы тұрақты ынтымақтастық пен Алматыдағы Өңірлік орталықтың маңызына тоқталды. Ал Саранго Раднарагча Қазақстанның БҰҰ-мен серіктестігін, орнықты даму мен адам капиталын дамыту бастамаларын қолдайтынын және бұдан былай бірлескен жобаларды іске асыруға дайын екенін жеткізді.
САРАНГО РАДНАРАГЧА, БҰҰ-НЫҢ ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ТҰРАҚТЫ ҮЙЛЕСТІРУШІСІ:
– Қазақстанда жүріп жатқан соңғы саяси реформаларды, соның ішінде конституциялық реформаны бақылап отырмыз. 15 наурызда референдум өтетінінен хабардармыз. БҰҰ тарапынан біз заңнамалық мәселелер бойынша, атап айтқанда, жекелеген заңдарды әзірлеу және оларға өзгерістер енгізу кезінде, егер мемлекетке мұндай көмек қажет болса, тиісті консультативтік қолдау көрсетуге дайынбыз.
———————————————

#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал