Отбасын қырып салған күдіктіге қатысты тағы бір дерек анықталды. Ақмола облысы Жібек Жолы ауылында ата-анасы мен қарындасын аяусыз өлтірді деп айыпталған тұрғын бұрын істі болған. Бұл туралы Ішкі істер министрінің орынбасары Санжар Әділов мәлімдеді. Күдікті қамалды, тергеу жалғасып жатыр.
САНЖАР ӘДІЛОВ, ІШКІ ІСТЕР МИНИСТРІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:
– Күдікті бұрын сотталған. Қазіргі уақытта ол 2 айға қамауға алынды. Тергеу әрекеттері толық аяқталған соң, олардың нәтижелері бойынша қосымша ақпарат ұсынылады.
———————————————
#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.