СҚО-да екі экс-судья сотталды

Солтүстік Қазақстан облысында екі бірдей экс-судья сотталды. Ауданаралық экономикалық соттың бұрынғы төрағасы жер дауын шешіп беремін деп 50 мың АҚШ долларын алуға келіскен. Ал қалалық №2 сотының төрағасы сапасыз жол жөндеген компанияны жауапкершіліктен босатып, қомақты сыйақы алуға ниеттенген. Әрі айыпталушылар басқа судьяның қызметіне араласып, тағы бір кәсіпкерді негізсіз банкрот деп жариялап, пара алған. Сертінен тайған екі судьяға сот үкім кесті.

ӘСЕМ ЖАНАЛИНА, ҚАЛАЛЫҚ СОТ СУДЬЯСЫ:
– Бекбол Баймахановқа сегіз жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалсын. Ерлан Ыбраев ҚР ҚК 190-бабы 3-бөлігі 2-тармағында көзделген қылмысты жасағаны үшін кінәлі деп танылып, алты жыл бас бостандығынан айырылсын. Сондай-ақ өмір бойына мемлекеттік қызметте, судья лауазымында, жергілікті өзін-өзі басқару органдарында, ҚР Ұлттық банкінде және оның ведомстволарында қызмет атқару құқығынан айырылсын.
———————————————

#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал