Баспаналы болдық деген қуаныш ұзаққа созылмады. Шығыс Қазақстан облысы Кожохово ауылында көпбалалы отбасыларға берілген жаңа үйлердің қабырғасы қақырап жатыр. Қыстың сарышұнақ аязында мұндай баспанада тұру мүмкін емес. «Сыз тартып, жел ұрып тұр», — дейді тұрғындар. Олар электр қыздырғыш құралымен үйлерін кептіруге мәжбүр. Ендігі үміт үйге берілетін кепілдікте. Мердігер компания әуелі олқылықтың орнын толтыруға талпынғанымен, соңғы бір жылда төбе көрсетпей кеткен. Атқарушы билік құрылысты жүргізген компанияны, сапасыз үйді қабылдаған қызметкерлерді жауапкершілікке тартпақ. Ал сыйқы кеткен үйлерді қалпына келтіру мамырда басталады.
ФАРИДА КОМЧУБАЕВА, АУЫЛ ТҰРҒЫНЫ
– 2024 жылдың қазан-қараша айларында осы үйге кірдік. Бастапқыда бәрі жақсы сияқты болған. Күн суытқаннан бастап түрлі қиындыққа тап болдық. Есік-терезеден жел үріп тұр. Төбенің сыйқы мынау, тақтайдың арасындағы саңылаудың арғы жағынан күн көрінеді.
АЯН МАКИЕВ, ГЛУБОКОВСКИЙ АУДАНЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:
– Күн жақсарғасын кемшіліктерді жөндейміз. Сәуір-мамыр айларында бастасақ, күзде тағы бір тексеріп шығамыз. Тағы жөндеу керек болса, мердігер компанияға айтамыз. Себебі бұл үйлерге берілген кепілдік мерзімі әлі біткен жоқ. Олар міндеттерін толық атқаруға тиісті.
———————————————
#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.