Сыртқы істер министрлігі азаматтарға Таяу Шығыс елдеріне барудан уақытша бас тартта тұруға кеңес береді. Елшіліктер күшейтілген режимде жұмыс істеп, қазақстандықтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін үнемі байланыста отыр. Қазір отандастарымызды елге қайтару ісі жалғасып келеді. Рейстер Жидда, Медина, Маскат және Дубай бағыты бойынша орындалды. Сонымен қатар Армениядағы Қазақстан елшілігінің көмегімен 34 қазақстандық азамат Ираннан Арменияға эвакуацияланды. Олар Ереваннан Мәскеу арқылы Алматыға ұшуы керек.
БАУЫРЖАН ӨМІРӘЛИЕВ, АЗАМАТТЫҚ АВИАЦИЯ КОМИТЕТІ ТӨРАҒАСЫ ОРЫНБАСАРЫНЫҢ МІНДЕТІН АТҚАРУШЫ:
– Қазіргі таңда Таяу Шығыс елдерінен 1260 адам қайтарылды. Сондай-ақ 3 рейс жоспарланған. Бұл – Air Astana авиакомпаниясының Жидда-Алматы бағытындағы рейс және FlyDubai авиакомпаниясының Дубай-Алматы бағытындағы рейс.
———————————————
#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.