Алматыда республикалық референдумды өткізу үшін 9 аумақтық комиссия құрылды. 15 наурыз күні бір қалалық және 8 аудандық, сондай-ақ 654 учаскелік комиссия жұмыс істейді. Онда 4 мың 600-ден астам адам қызмет атқарады. Мегаполисте референдумға қатысуға құқығы бар 1 миллион 311 мың адам тізімге енгізілген. Бұл – ел бойынша ең жоғары көрсеткіш. Қазір комиссия деректі нақтылап, тұрғындарды дауыс беру күні, уақыты және өтетін орны туралы хабарлап жатыр.
АЙГҮЛ ҚАЛЫҚОВА, РЕФЕРЕНДУМ БОЙЫНША АУМАҚТЫҚ КОМИССИЯ ТӨРАҒАСЫ:
– Дауыс беру құқығына арналған есептен шығару куәлігі сол күні басқа елді мекенде болатынын нақты білетін азаматқа өзінің конституциялық құқығын жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Ол үшін азамат тіркелген сайлау учаскесіне келіп, өтініш жазуы және жеке басын куәландыратын құжатты көрсетуі тиіс. Осыдан кейін комиссия мүшесі оған есептен шығару куәлігін рәсімдеп береді.
———————————————
#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.