Солтүстік Қазақстан облысында цифрлық музей мен IT орталық пайдалануға берілді. Сандық технологияға негізделген алғашқы жоба Ғабит Мүсірепов ауданының орталығы Новоишимка елді мекенінде жүзеге асты. Мамандардың сөзінше, бірегей жоба жергілікті тарихи мұраны, заманауи технологиямен ұштастыруға жол ашады. Яғни мұнда келушілер жәдігерлерді тамашалап қана қоймай, оны цифрлық құралдар арқылы зерттей алады. Жалпы, еліміздің солтүстігінде креатив индустриясын дамыту жөнінде «Diqital Aimaq» жобасы қолға алынған. Қазір өңірде соңғы үлгідегі 11 IT орталық жұмыс істеп тұр. Оның 8-і аудан орталығында, қалғаны ауылды жерлерде орналасқан.
РУСЛАН ӘЛІШЕВ, ОБЛЫС ӘКІМІ АППАРАТЫНЫҢ БАСШЫСЫ:
– Ең алдымен, жастарымыз осы орталық арқылы өзінің мәдениеті мен тарихын сандық технологиялар арқылы біле алады. Цифрландырылған музейдегі мәлімет үнемі жаңартылып тұрады. Сондықтан осы арқылы кейінгі буын өкілдері өздеріне қажетті контентті қалыптастырады.
———————————————
#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.