Құралай Қабырайқызы Батыс Қазақстан облысының полиция департаментінде 10 жылдай қызмет етеді. Сонымен қатар әлемдік аренада еліміздің көк байрағын желбіретіп, әнұранын шырқатып жүрген спортшы. Таяуда Біріккен Араб Әмірліктерінде өткен халықаралық жарыста «Томирис» командасы құрамында сайысқа түсіп, тағы да олжа салды. Темірдей тәртіпке бағынып, талай асуды бағындырған қайсар жанның тағы қандай арманы бар?
ҚҰРАЛАЙ ҚАБЫРАЙҚЫЗЫ, ПОЛИЦИЯ ҚЫЗМЕТКЕРІ:
– Әлемдік деңгейдегі жарыста әнұранымызды шырқатқан кезде қуаныш, толқу, мақтаныш болды. Ол сезімді сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес. Ақордаға кіргеннен бастап қуаныш сезімі және толқу пайда болды. Президентімізден марапат алған кезде, әрине, қуанасың. Бұл біздің дайындығымыз бен еңбегіміздің ақталғаны деп есептеймін.
———————————————
#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.