Таяу Шығысқа тур сатып алған қазақстандықтардың ақшасы қайтарыла ма? | 05.03.2026

Жүргізуші: Оксана Петерс — https://www.instagram.com/oksana_peters_tv

ТУҒАНДАРЫН ТУРАП ТАСТАҒАН
Отбасын қырып салған күдіктіге қатысты сұмдық дерек. Ақмола облысы Жібек Жолы ауылында ата-анасы мен қарындасын аяусыз өлтірді деп айыпталған тұрғынның бұрын істі болғаны анықталды.

СУДЬЯЛАР СЕРТІНЕН ТАЙДЫ
Солтүстік Қазақстан облысында екі бірдей сот төрағасына үкім шықты. Бірі жер дауын шешіп беремін деп 50 000 доллар пара алмақ болған, екіншісі сапасыз жол салған компанияны жауапкершіліктен құтқаруға тырысқан.

ТӨБЕ ОПЫРЫЛДЫ
20 жыл күткен үйіңіздің төбесі бірінші жылы-ақ ортасына түссе не істер едіңіз? Шығыс Қазақстан облысындағы Кожохово тұрғындары жаңа жиһазы шіріп, қабырғасы көгеріп жатқанын айтып шыр-пыр. Мердігер не дейді?

ТУРИСТЕРГЕ ЖАҢА ТАЛАП
Таяу Шығыстағы жағдайдың ушығуы отандық туризмнің ережесін өзгертуге мәжбүр етті. Туроператорлар тәуекелді азайту үшін жаңа талап енгізді. Енді клиент алдындағы жауапкершілік қалай өзгереді?

СЕРГЕКТІКТІҢ СЫРЫ
Ақтөбелік 90 жастағы әже әлі күнге дейін есеп шығарып, шөбересінің жиналысына барады. 46 немересінің атын жаңылмай айтып, 12 шөбересінің туған күнін жатқа білетін кейуана сергек болудың сырымен бөлісті.

#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал