(без названия)

Иранның Әзербайжанға дронмен шабуылына қатысты Президент өз ұстанымын мәлімдеді

Қасым-Жомарт Тоқаев Иранның ұшқышсыз ұшу аппараттары Әзербайжанның Нахчыван қаласындағы әуежайды атқылауына байланысты ұстанымын білдірді. Мемлекет басшысы бұл әрекетті қатаң айыптайды. Бұл туралы Президенттің кеңесшісі, баспасөз хатшысы Айбек Смадияр әлеуметтік желідегі парақшасында жазды. Қасым-Жомарт Тоқаев болған оқиғаның мән-жайы Иран тарапымен бірлесіп егжей-тегжейлі тергелетініне, сондай-ақ екі ел арасына сызат салған жағдай аймақтағы ахуалды ушықтырмау үшін дипломатиялық тәсілдер арқылы реттелетініне сенім білдірді.
———————————————

#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал