(без названия)

Жаңа Конституция әйелдің саясат пен экономикадағы рөлін күшейтеді

Жаңа Конституция әйелдің саясат пен экономикадағы рөлін күшейтеді. Сенат төрағасының қатысуымен өткен сарапшылар клубының кеңейтілген отырысында елдегі гендерлік күн тәртібі талқыланды. Маулен Әшімбаев гендерлік саясат қазіргі Қазақстанның дамуы үшін аса маңызды құрал екенін атап өтті. Ол жүргізіліп жатқан реформаларға қарамастан, әйелдердің әлі де мансап жолында түрлі шектеуге тап болып, саясаттағы үлесі төмен болып отырғанына алаңдаушылық білдірді. Бұл мәселені шешуде жаңа Конституция нормаларына ерекше мән беріледі. Құжатта әйелдердің құқықтық мәртебесі ғана емес, сонымен бірге тең мүмкіндіктер қағидаты да бекітіледі. Бұл олардың елдің саяси және қоғамдық өміріне белсенді араласуына нақты жағдай жасайды.
ӘЙГЕРІМ ӘБІЛОВА, ТАЛДАУ МЕКТЕБІНІҢ ТҮЛЕГІ:
– Қазіргі таңда әйелдердің отбасында ғана емес, қоғамда, бизнесте, ғылымда ойып алған орны бар. Жаңа Конституцияда отбасы құндылықтарына ден қойылған. Сондай-ақ әйелдер мен ерлердің теңдігі, мемлекеттік қызметте олардың басшылық лауазымға тағайындалу құқықтарына да мән берілген.
———————————————

#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал