15 наурызда өтетін республикалық референдумға Шымкент қаласы тас-түйін дайын. 369 комиссия құрылған. Тіпті 24 жабық учаске де жұмыс істейді. Шымкент қаласында дауыс берушілер саны 695 145 адамды құрайды. Халықты құлақтандыру мақсатында 150 орынға лед экран мен билборд ілінген. Сондай-ақ, еш жерде тіркеуде жоқ азамат үшін қала аумағында 25 орында арнайы сервис қызмет көресетеді. Мұнда уақытша тіркеліп, дауыс беруге мүмкіндігі бар.
ҚАЙЫРБЕК ҚҰНАНБАЕВ, АУМАҚТЫҚ РЕФЕРЕНДУМ КОМИССИЯСЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:
– Шымкенттің тұрғыны сол күні Алматы не Астана қаласында болса, есептен шығару куәлігін алуына болады. Ол бір жерде ғана жарамды, жоғалтып алсаңыз, пайдалана алмайсыз. Бірақ сол есептен шығару куәлігімен Қазақстанның кез келген учаскесінде дауыс бере аласыз. Колл-центрлерден, телеграм-бот немесе shm.saylaw.kz сілтемесіне өтіп, ЖСН-іңізді терсеңіз, қай учаскеде дауыс беретініңізді білуге болады.
———————————————
#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.