(без названия)

Президент аруларды мемлекеттік наградамен марапаттады

Ақордадағы сән-салтанат. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев әйелдер қауымын 8 наурыз мерекесімен құттықтады. Шыдамдылық пен шеберлік көрсеткен арулар мемлекеттік наградамен марапатталды. «Бүгінде Сіздер аса құрметті аналарымыз және апаларымыз салған дара жолды лайықты жалғастырып келесіздер. Ел игілігі үшін табысты еңбек етіп, Қазақстанның дамуына орасан зор, үлес қосып келеді»,- деген Президент қиындығы мен сын-қатері қатар жүретін аса жауапты қызметте жұмыс істейтін қыздардың аз емесін айтты. Елдегі заң мен тәртіптің орнығуына атсалысып жүрген 45 мыңнан астам әйел бар. Жақында Дубайда күштік құрылым мен арнайы жасақ арасында өткен аса беделді халықаралық сайыста еліміздің «Томирис» құрамасы ешкімге дес бермей, үздік атанды. «Олар байрақты бәсекеде шыдамдылық пен шеберліктің озық үлгісін көрсетті», — деді Президент.

ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ:
– Халқымыз қай заманда да анасын ардақтаған, қарындасына қорған болған, қыздарын сыйлап, төрінен орын берген. Жұртымыз ең киелі құндылықтарға «Ана» сөзін қосып, «Отан Ана», «Жер Ана», «Ана тілі» деп көне заманнан бері айтып келеді. Бабаларымыз «Атадан – өсиет, анадан – қасиет» деген. Осы мағынасы терең дәстүр қазіргі құбылмалы, күрделі заманда міндетті түрде өз жалғасын табуы керек. Бұл мақсатты орындау – ұрпақтар алдындағы парызымыз. Өйткені ұлтымыздың болмысы, тілі мен ділі, салт-дәстүрі ұрпаққа ананың аялы алақанымен, тағылымды тәрбиесімен дариды.
———————————————

#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал